Басқару профилін қосу

EAS құрылғыларын басқару үшін, EAS құрылғыларын басқару профильдерін жасауға және оларды таңдалған Microsoft Exchange пошта жәшіктеріне тағайындауға болады.

Microsoft Exchange пошта жәшігіне тек бір EAS құрылғысын басқару профилі тағайындалуы мүмкін.

Microsoft Exchange пошта жәшігі үшін EAS құрылғыларын басқару профилін қосу үшін:

  1. Консоль ағашында Ұялы құрылғыларды басқару қалтасын ашыңыз.
  2. Ұялы құрылғыларды басқару қалтасындағы консоль шежіресінен Ұялы құрылғылардың серверлері салынған қалтасын таңдаңыз.
  3. Ұялы құрылғылардың серверлері қалтасының жұмыс аймағында Exchange ActiveSync Ұялы құрылғылар серверін таңдаңыз.
  4. Exchange ActiveSync Ұялы құрылғылар серверінің контекстік мәзірінде Сипаттар тармағын таңдаңыз.

    Ұялы құрылғылар сервері сипаттары терезесі ашылады.

  5. Exchange ұялы құрылғылар сервері сипаттары терезесінде Пошта жәшіктері бөлімін таңдаңыз.
  6. Пошта жәшігін таңдап, Профильді белгілеу түймесін басыңыз.

    Саясат профильдері терезесі ашылады.

  7. Саясат профильдері терезесінде Қосу түймесін басыңыз.

    Жаңа профиль терезесі ашылады.

  8. Жаңа профиль терезесінің қойыншаларында профиль параметрлерін конфигурациялауды орындаңыз.
    • Профиль атауын және оны жаңарту кезеңін белгілегіңіз келсе, Жалпы қойыншасын таңдаңыз.
    • Ұялы құрылғы пайдаланушысының құпиясөзінің параметрлерін конфигурациялағыңыз келсе, Құпиясөз қойыншасын таңдаңыз.
    • Microsoft Exchange серверімен синхрондау параметрлерін конфигурациялағыңыз келсе, Синхрондау қойыншасын таңдаңыз.
    • Егер ұялы құрылғы функцияларын шектеу параметрлерін конфигурациялағыңыз келсе, Функция шектеулері қойыншасын таңдаңыз.
    • Ұялы құрылғыда ұялы қолданбаларды қолдануды шектеу параметрлерін конфигурациялағыңыз келсе, Бағдарлама шектеулері қойыншасын таңдаңыз.
  9. OK түймесін басыңыз.

    Жаңа профиль Саясат профильдері терезесіндегі профильдер тізімінде көрсетіледі.

    Бұл профиль жаңа пошта жәшіктеріне және профилі жойылған пошта жәшіктеріне автоматты түрде тағайындалуын қаласаңыз, оны профильдер тізімінен таңдап, Әдепкі профиль ету түймесін басыңыз.

    Әдепкі бойынша профильді жоюға болмайды. Әдепкі бойынша профильді жою үшін, басқа профильге "әдепкі бойынша профиль" сипатын тағайындау керек.

  10. Саясат профильдері терезесінде OK түймесін басыңыз.

    Басқару профилі параметрлері, құрылғыны Exchange ActiveSync Ұялы құрылғылар серверімен келесі рет синхрондау кезінде EAS құрылғысында қолданылатын болады.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Ұялы құрылғыларды басқаруды орналастыру

Басына оралу